бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 44 26.12.2023 11:55

Шымкент пен Түркістанда газдан уланып, қайтыс болғандар бар

Шымкент пен Түркістан облысында көміртегі тотығынан уланған екі адам қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

25 желтоқсан күні Сарыағаш өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне 2007 жылы туған қыз көміртегі тотығынан уланып, қаза тапқаны туралы ақпаратты "104" пультіне хабарлаған.

24 желтоқсанда дәрігерлер Шымкенттегі "Қайтпас" шағынауданындағы үйлердің бірінде 1971 жылы туған әйел қайтыс болғанын хабарлады.

Оқиға орнына келген авариялық бригада газ аспаптарын монтаждау шарттары бұзылғанын анықтады.