бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 101 26.12.2023 13:4

Бірнеше адамның өліміне себепкер болған автобустағы жанжал туралы айтылды

Алматыда бірнеше күн бұрын апаттың себепкері болған автобустағы жанжалдың неден шыққаны айтылуда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бірнеше адамды қағып өткен автобус салонында болған жолаушылар жанжал неден шыққанын айтып берді. Жолаушылардың мәліметінше, жүргізуші әйел ер адамнан жолақы төлеуін талап еткен, бірақ ол бас тартқан.

"Жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шықты. Шопыр: "Төле" деді. Ал ол бас тартты. Осы кезде ер адам жүргізушіні балағаттап, қорқыта бастады. Ол оны бір рет ұрды. Ал екінші рет ұрғанында әйел жүргізуші есінен танып қалды", - дейді куәгерлер.

Жолаушылардың бірі ер адамды ұстап, шетке қарай алып кеткен, сосын ол автобусты тоқтатуға тырысқанын айтқан.

"Досыммен бірге отырдық. Ер адам жолақыны төлемеді. Сосын жүргізуші әйелді ұра бастағанын көрдік. Оны тыныштандырғым келді. Ұруға тура келді. Досым оны ұстап алды. Бұл кезде әйел есінен танып қалған. Автобусты тоқтатуға тырыстым. Қарасам, аяғы газда екен. Еңкейіп, тормозды бастым. Автобустағылар құлады", - дейді ол.