бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 93 26.12.2023 13:9

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді

"Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы болуы мүмкін" деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ұлының ісіне қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Уәлихан Бишімбаев ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін айтады. 

"Ең алдымен, отбасымның атынан Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл - орны толмас қайғы. Өздеріңізге белгілі, 9 қарашада қайғылы жағдай болды. Нүкеновтер қызын жоғалтса, біз келнімізді жоғалттық. Ұлымыз тергеліп жатыр. Бұл жағдай болғаннан бастап, БАҚ-та шыққан жаңалықтарға талдау жүргізіп келемін. Журналистер мен блогерлер жазбасын оқып жүрмін. Әр азаматтың сөз еркіндігі бар, бірақ қоғамды тергеудің жария етілмейтін құпиялығына назар аудартқым келеді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша соталды тергеу ісі жария етілмейді", - дейді Уәлихан Бишімбаев.