бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 9 26.12.2023 14:41

Күдікке ілінген Бишімбаев қанша жылға сотталады?

Заңгер Жанна Уразбахова марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеудің барысы туралы ақпараттарды айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында Игорь Вранчевпен бірге Салтанат Нүкенованың отбасысының мүддесін қорғайтынын айтқан болатын.

Оның сөзінше, бірнеше сот-медициналық сараптамалар жүргізілді. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, 10-нан астам сараптама жүргізілді.

Ал күдіктінің ісі “аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” бойынша тергелуде.