бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 15 26.12.2023 15:42

Жаңа жыл мерекесі Астанада қалай тойланады?

Жаңа жылда бас қаладағы мерекелік шаралардың кестесі шықты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Жаңа жыл түні» атты жаңажылдық мерекелік концерттер өтпек. Аталған мерекелік іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанәбілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, «Килиманджаро» тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады.