бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 27.12.2023 10:34

"Қазақмыс" кенішінде бір жұмысшы қайтыс болды

"Қазақмыс" кенішінде машинист қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Қазақмыс" компаниясының Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы машинист мерт болды. Шахта учаскелерінің бірінде болған жазатайым оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.

««Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын қайғыра хабарлайды.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген "Қазақмыс" компания жолдаған мәлімдемеде.