бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 5 27.12.2023 12:35

Петропавлда 16 жастағы жасөспірім анасының атына ірі көлемде несие алған

Петропавл тұрғыны анасының атына ірі көлемде несие алған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қаңтар айында әйел адамға ірі көлемдегі несиені қайтару керектігі туралы хабарламалар келгеннен соң Петропавл тұрғыны қалалық полиция бөліміне арыз жазады.

Алайда тергеушілердің сөзінен кейін жәбірленуші өз ұлының несие алғанын еске түсірген.

Анасынан қулығын асырған перзент өткен жылы желтоқсан айында анасынан бір сайтқа тіркелуін сұраған. Ол жерде емтихан сұрақтарына жауаптарды жүктеп алуға болатынын айтқан.

Жасөспірімнің сөзінше, екі адам тіркелсе, сайт жеңілдік жасауға уәде еткен көрінеді. Әйел ұлының өтініші бойынша өзінің жеке басын фото және бейне тексеруден тұратын тіркеу рәсімінен өткен. Алданған әйел барлық талаптарды орындаған.