бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 86 27.12.2023 15:50

Қостанайда әжесі мен немересі үсіп, қайтыс болды

Қостанайда үсіп қалған екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қостанай облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Қайрат Қасым ауыл маңынан әжей мен қыздың мәйітін тапқанын мәлімдеді. 

“Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп атап өтті полиция департаменті.

58 жастағы Наталья Шамарова мен оның 11 жастағы Яна Салихова 26 желтоқсан сағат 7:00-де Степное ауылынан шығып, қайта оралмаған.