бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 6 27.12.2023 15:55

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай үйленген кезін еске алды

Мирас пен Құралай алғаш үйленген кезін еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Әнші Құралай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. 

“Аллама шексіз шүкір етемін! Кеше ғана шаңырақ көтерген сияқты едік, 24 жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдым. Қазақта “Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, алған жары жақсы болса мың бақыт” деген бар… Сол себептен, қолымнан келгенше осы уақытқа дейін артымнан жаман сөз естіртпей, абыройлы келін болуға тырысып келе жатырмын… Мені өсіріп, тәрбиелеп, оқытып, тоқытқан ата-анама мың алғыс. Олар қазіргі таңда ортамызда болғанда, менімен мақтанар еді деп ойлаймын. Осындай керемет отбасыға келін болып түскеніме бірінші Аллаға, сосын мамамызға алғысымды айтамын. Осылай жарқырап, жайнап, Мирас пен Құралай болып жүргеніміз, мама, сіздің арқаңыз! Осы уақытқа дейін мамамды ешқашан “ене” деп айтып көрмегенмін. "Қарты бар үйдің, қазынасы бар!” – дейді. Мама ғұмырыңыз ұзақ болсын, балаларыңызбен немерелеріңіздің қуанышы мен жетістіктерін көре беріңіз! Бірлігімізбен сыйластығымыз ұзағынан болсын!”, – делінген жазбада.