бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 10 27.12.2023 16:58

Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

"НеМолчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Дина Смаиловаға (Таңсәрі) қазір құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы қылмыстық іздестіру базасына енгізілген. Күдіктіні іздеу, тінту жүргізетін орган ретінде Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көрсетіліп отыр.

6 желтоқсан күні Дина Таңсәрі деген лақап атпен танылған қазақстандық белсенді Дина Смаиловаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық) бойынша жүргізілуде.