бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 27.12.2023 19:3

Президент Нүкенованың өліміне қатысты істі бақылауға алды

Президент Салтанат Нүкенова мен Сарыағашта зорлықпен өлтірілген 5 жасар қыздың ісін жеке бақылауға алған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Жоғарғы сот басшылығына қатаң ескерту жасаған. Бұл туралы Берік Уәли айтты.

 "Мемлекет басшысы Түркістандағы бес жасар қыздың және Астанадағы Салтанат Нүкенованың резонанстық өлімін жеке бақылауына алып, құқық қорғау органдарына нақты міндеттер қойды. Президент ішкі істер министрі Ержан Сәденовті, бас прокурор Берік Асыловты, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу қажеттігін қатаң ескертті", - деді Берік Уәли сұхбатында.