бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 21 28.12.2023 10:5

Отшашу атқандар жазаланады ма?

Енді 22:00-ден кейін  отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Енді түнгі отшашу жасағандар айыппұл арқалайды. Жеке тұлғалар үшін 69 мың теңге айыппұл болса, бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге айыппұл қарастырылған,

Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды қолданса балаларға бірінші ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

"Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.