бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 78 28.12.2023 11:1

Қарағандыда адамға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталды

Қарқаралыда адамға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жыртқыштың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталып отыр.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша қасқырдан құтыру ауруы анықталған.

"Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, иттер мен мысықтарды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады, - делінген әкімдік хабарламасында.