бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 6 28.12.2023 13:42

Қазақстандық спортшы бокстан алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Санжар-Али Бегалиев бокстан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әзербайжандық спортшы Аббас Агаларовты еске алуға орай өткізілген жастар арасындағы халықаралық турнирде алтын медаль иегері атанды.

Спортшы Бегалиев 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында әзірбайжандық боксшы Мирджалал Мирагаевпен жұдырықтасып, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Аббас Агаларовты еске алуға орай өткізілген жастар арасындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшы алтынын алса, күміс медаль Мирджалал Мирагаевқа бұйырды.