бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 16 28.12.2023 13:46

Нұралы Әліп "Реал Мадридке" ауысады ма?

Қазақстандық спортшы Нұралы Әліптің "Реал Мадрид" футбол клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке шетелдік футбол клубы ресми түрде ұсыныс жасаған жоқ.

 Нұралы Әліптің мүддесін қорғайтын Player Career Management агенттігі футболшыға мадридтік "Реал" қызығып отырғаны туралы қауесетке нүктесін қойды.

"Нұралы Әліпке көп команда қызығушылық танытып, ұсыныс білдірді. Мысалы, Түркияның командалары. "Реалға" келер болсақ, біз қағаз жүзінде ешқандай ұсыныс алған жоқпыз. Біз "Зенитпен" сөйлесеміз, бірақ бұл кезеңде емес. Бүгінгі таңда ресейлік команда Әліпті команданың РПЛ-да жоғары нәтиже мен жеңіске жетуіне үлес қосқан негізгі құрамның ойыншысы ретінде есептейді", – делінген агенттіктің мәлімдемесінде