бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 6 28.12.2023 14:39

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылды қалай күтетінін айтты

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдың қандай мереке екенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова үшін бұл жыл жаңалық пен сәттілікке толы жыл болған.

“Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрамыз. Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз. Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай. “Әлем ханымы” атағын әкелген ай, “Сезін” кітабының тұсауын кесекен ай, “Ажырасам” фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы “Қара шекпен” әфсанасының премьерасы болған ай.
Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын”, – деп жазды актриса. 

Өнер иесі сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында жасалатын дәстүрдің бар екенін де айтты. Ол отбасымен бірге ескі суреттерді ақтарып, балалардың сәби кезін қарайды екен.