бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 22 29.12.2023 7:29

Сот “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріні қамауға алуға санкция берді

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәріні қамауға алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Сот «НеМолчи.kz» қорының басшысы Динара Смайылованы қамауға алуға санкция бергені белгілі болды.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, 16 қазан күні Өскемен қалалық ІІБ Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Дина Смайылованы қылмыстық іс бойынша әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

"28 желтоқсан күні Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", – делінген хабарламада.

Ал Дина Таңсәрі мен оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталғандықтан ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отырғанын айтады.