бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 11 29.12.2023 8:17

Ақтауда жаңажылдық шырша құлады

Ақтауда ауа райының салдарынан мерекелік шырша құлады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Ақтауда соққан қатты желден жағалауда жаңажылдық шырша құлады. Одан бөлек бір ауданда балабақша мен моншаның шатырлары ұшып кетті.

Тұрғындар қала жағалауында жаңажылдық шырша құлағанын видеоға түсіріп алған.  

"28 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 15-шағынаудандағы амфитеатр алаңында қойылған шырша құлаған. Амфитеатр алаңының айналасында құрылыс нысандары, ғимараттар болмағандықтан, желдің екпіні қатты сезіледі. Шыршаны қою кезінде барлық техникалық талап сақталды. Кабельдер мен темірбетон тұрғанына қарамастан, құрылым жел екпініне төтеп бере алмады. Мердігер мекеме тарапынан шыршаны қайта орнату жұмыстары ауа райы тұрақтанғаннан кейін қайта жүргізіледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді ведомство басшысы Жанболат Жақыпов.