бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 50 29.12.2023 10:19

Петропавлда бір отбасын өлтіріп кеткен

Петропавлда бір отбасын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Петропавлда бір үйдің үш адамы өлі күйінде табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлаған.

«Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді»,—делінген хабарламада.