бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 8 30.11.2022 23:6

Үкімет мүшелері Екібастұзға барды

Фото: primeminister.kz

ҚР үкіметі басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға келді. Бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап, Teznews.kz порталы хабарлайды.

Премьер-министрдің ресми сайтының мәліметінше, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов апат орнында жүр.

"Үкімет мүшелерінің міндеттері – апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу. Төтенше жағдай зардаптарын жедел жою ісі бақылауға алынды" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жылу электр орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр.143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалы мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралау жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.