сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 5 26.12.2022 9:55

Бүгін елдің 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Фото: ашық дереккөз

Бүгін елдің 7 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 26 желтоқсанда Астана, Көкшетау, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі» делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - жағдайлар температурамен, ылғалдылықпен, ауаның тазалығымен, атмосфералық қысыммен, желдің жылдамдығымен және бағытымен, күн радиациясымен, Жердің және атмосфераның жылулық сәулеленуімен, бұлттылықпен, күннің күркіреуімен, дауылдармен және тағы да басқа метеорологиялық элементтермен сипатталады.