бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 7 26.12.2022 10:40

Димаш Құдайбергеннің інісі өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленді

Фото: NewTimes.kz

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына інісінің пианинода шығарма ойнап отырған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Желі қолданушыларының көпшілігі белгілі әншінің інісі Әбілмансұрдың өнеріне ерекше ықыласын білдірді. Ол Димаш Құдайбергеннің Тhe story of one sky («Бір аспанның тарихы») шығармасын пианинода орындады.

 

 

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

 

Әншінің оқырмандары көптеген пікір білдірген. Бірі «Сәл басқаша орындады, бірақ ерекше жеткізе білді!» десе, келесі оқырмандар «Мансұрмен мақтануға болады», «Димаш жазған менің сүйікті шығармамды Мансұр керемет орындады. Ол әуенге ерекше қанат бітірді» деп ықыласын білдіріп жатыр.