сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 26.12.2022 12:42

Алматыда автобус пен инкассатор көлігі соқтығысты

Фото: nur.kz

Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы. Оқиға Абай даңғылында болған. Соққыдан қолма-қол ақшаны алып бара жатқан көлік бүйірде қалған.

Желіде апат орнында түсірілген видео пайда болды.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, оқиға 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40-та Алматының Алмалы ауданында болған.

«Жүргізуші 1982 жылы туған азамат Д., Абай даңғылында «ГАЗ» автокөлігін жүргізіп, 1967 жылы туған азамат А. басқарған «Golden Dragon» автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ГАЗ» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оны медицина қызметкерлері тексеріп, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.Қазіргі уақытта бұл фактіні Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдары жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.