сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 18 27.12.2022 11:24

Жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы өседі

halyq-uni.kz

2023 жылдан бастап жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды teznews.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

«Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр»– деді министр.

Ол бұл мақсатты орындау үшін ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын айтты.