сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 27.12.2022 12:59

Қазақстанда қанша ресейлік заңды жұмыс істеп жүр?

inva.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде заңды түрде жұмыс істеп жатқан ресейліктердің санын айтты, деп хабарлайды teznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

«Бүгінде 22 мыңнан аса ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған», - деді министр Үкіметтің жалпы отырысынан соң.

Дүйсенованың сөзінше, отандық және шетелдік компанияларда 14 мыңнан астам өзге ел азаматы еңбек етіп жүр.

«Оларға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген, міндетті зейнетақы жарналарын да аударып жүр», - деді ведомство басшысы.