сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 7 27.12.2022 18:27

Тоқаев Ресейге не үшін барды?

Фото: kzvesti.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.