сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 28.12.2022 13:32

Жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті

Фото:

Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 желтоқсанда сағат 07:45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кеткені жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Болған жағдайды тексеру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды» делінген хабарламада.

Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.