сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 6 29.12.2022 9:12

Екібастұз қаласы тағы жылусыз қалды

Фото: alashainasy.kz

Екібастұзда жылу желілеріне жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Teznews.kz порталы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, компания мамандары 29 желтоқсанда құбырды ауыстыру үшін Сейфулин көшесі, №40 мекенжайындағы орамішілік жылу желісін өшіреді.

«Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Сейфулин көшесі, 32, 36, 38, 40, 42 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерге жылу берілмейді. Сондай-ақ сол күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін анықталған ақауларды жою үшін Целинная көшесі, 46-48 бойындағы орамішілік жылу желілері жабылады. Осыған байланысты Целинная көшесі, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56 бойындағы жеке тұрғын үйлерде жылу болмайды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар 29 желтоқсанда ақау салдарынан Воскресенский өткелінен Абай көшесі, 2, 4 мекенжайларында сағат 17:00-ге дейін орамішілік жылу желісі ажыратылды. Бұл кезде Абай көшесі, 2, 4, 6, 8, 10 жеке үйлер жылусыз қалады.