сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 29.12.2022 14:40

Ақтау тұрғыны көріпкелге «өмірін жақсартуға» 800мыңға жуық теңге берген

Фото: jur24pro.ru

Ақтау тұрғыны көріпкелге "тағдырын жақсарту үшін" 780 мың теңгеге жуық ақша берген, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы "Лада" сайтына сілтеме жасап.

«Жәбірленуші сеніміне кірген алаяқ одан Т779 601 алған. Көріпкел ұсталды», - делінген хабарламада. 26 желтоқсан  күні жәбірленуші «тағдырдың түзелуіне көмектесемін» деп уәде берген, бірақ сөзінде тұрмаған көріпкелдің үстінен шағыммен полицияға жүгінгені айтылады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.