сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 29.12.2022 16:23

Тараз қаласында қоқыс жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Фото: sputnik.kz

29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.