сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 5 30.12.2022 11:20

Оралда жол апатынан үш адам зардап шекті

Фото: egemen.kz

Орал қаласында жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23:00-де Жәңгір хан көшесінде төрт автокөлік соқтығысқан.

«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі соғысты. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақатын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.