сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 04.01.2023 9:7

Алматы маңында жоғалып кеткен отбасы мүшелері табылды

Фото: adrenalinicsilence.kz

Алматы маңында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қаңтарда сағат 20.30-да Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков астрофизикалық институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық көлік табылды. Адамдар саны анықталды, алдын ала мәлімет бойынша - зардап шеккендер жоқ.

«Жоғалған жеті адамнан тұратын отбасы сол жерде болған. Көбісінің жанар-жағармайы жоқ. Қазір құтқарушылар вагондарға жанармай құйып, колоннадағы көліктері бар адамдарды эвакуациялауда. Түрген-Батан бойымен Республикалық жедел-құтқару жасағының екінші тобы жүріп өтуде» делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 қаңтар күні сағат 8.00-де Еңбекшіқазақ ауданында, Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында жеті адамнан тұратын отбасы (төрт ер, екі әйел және бір бала) жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шыққан көліктер үйлеріне қайтып оралмаған.

«Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, өтуге қабілеттілігі жоғары техниканы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін және еріктілерді тарта отырып жүргізді. Іздеу жұмыстарына дрон тартылды. Ауа-райы қолайлы болмағандықтан, ұшақты қосу мүмкін болмады.

Іздестіру тобына қарай баяу ілгерілеген жоғалған адамдар спутниктік байланыс арқылы бағытты үйлестірді. Сағат 20.30-да екі топ кездесті. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деді министрліктегілер.