бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 04.01.2023 14:20

Тоқаев: Азаматтар Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Бұл туралы Президент Тоқаев Конституциялық Сот судьяларымен кездесуде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Конституциялық Сот барлық заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.

«Шын мәнінде, Конституциялық Сот – еліміз үшін өте маңызды институт. Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады», - деді президент.