бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 05.01.2023 19:14

Бас прокурор «20 мың террорист» жайлы пікір білдірді

Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов 2022 жылдың қаңтарында Алматыға шабуыл жасады деген 20 мың лаңкеске қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Қылмыскерлердің әрекетіне байланысты сол кезде бізге шынымен де солай болып көрінген. Шетелдік қылмыскерлердің, соның ішінде қырғыз, өзбек тілдерінде сөйлейтіндер бар екені туралы түрлі ақпараттар түскен. Ал қоғам шынымен де (сезім – ред. ескертпе) шабуыл жасағандардың барлығы лаңкестер екеніне көзі жетті. Мен сізге айтарым, террористік акт жасаған адамдардың барлығы террорист болып саналады. Оған сақал қойып, автоматпен жүгіру шарт емес. Тіпті көптеген құқық қорғау органдары тергеу жүргізген кезде маған бұл лаңкестер қайда деген сұрақ қойды. Қоғамда да осындай сұрақ бар.

Бірден айтайын, лаңкестер өздерін террорист деп ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Сол күндердегі зорлық-зомбылық сипаттағы барлық әрекеттерді (өртеу, ұрып-соғу) Бас прокуратура лаңкестік әрекеттер деп қарайды», - деді Асылов.