бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 4 10.01.2023 12:58

Биыл резидентураға бөлінген грант саны 70%-ға ұлғаяды

Фото: newsroom.kz

Биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қорытынды алқа мәжілісінде Ажар Ғиният осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылы тиісті заң қабылданғаннан кейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталады. Бұл шаралар пациенттердің құқықтарын қорғауды, медицина қызметкерлерін заңмен қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен оған деген құрметті арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға арналған», - деді министр.

Сондай-ақ, биыл ведомство қосымша 36 кәсіби стандартты әзірлеп, өзектендіруді жоспарлап отыр.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен резидентура грантының санын 70%-ға ұлғайтып, 2,5 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 270 мыңнан астам медицина қызметкері заңмен қорғалады», - деді Ажар Ғиният.