бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 10.01.2023 15:15

Белгілі айтыскер Сара Тоқтамысова өмірге үшінші перзентін әкелді

Фото: exk.kz

Айтыскер Сара Тоқтамысова өмірге үшінші перзентін әкелді. Қызды болған ақын қуанышын Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Айналама жап-жарық нұр берген, менің де бақшама гүл берген Аллаға ұлық. Ақ тілеулі асылдарым, жіберіп жатқан әр тілектеріңізге Алла разы болсын", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Желі қолданушылары айтыскердің бұл қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Қуанышың құтты болсын", "Гүліңіз құтты болсын", "Жер бетіндегі ең бақытты қыз болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Тоқтамысова отандық танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова соңғы кезде қоғамда белең алған "гендер-пати" ұйымдастыратындарға қатысты өз ойын айтқан.