бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 10.01.2023 15:35

Танымал әнші қазақстандық киноларды ауыр сынға алды

Фото: ©instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев бейәдеп сөздерге толы кино туындылардың қатары көбейгенін айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

 

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігіндегі диалогтар тұнған боғауыз. Youtube арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллиондап саналады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлерінің де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргендерін көріп жүрміз”, – деп жазды Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, ол аталмыш киноларға айыппұл салуды ұсынды.

“Кино ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады.

Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек”, – делінген жазбада.