бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 10.01.2023 18:9

Қанат Айтбаев фильмдегі былапыт сөздер үшін айыппұл салуды ұсынды

Фото: Sputnik

Күні кеше қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлегендерге салынатын айыппұл мөлшері ұлғаятыны жайлы айтылған. Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев та фильмдегі былапыт сөздер үшін айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жайлы Қанат Айтбаев Facebook парақшасында жазды. 

"Кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігінде диалогтар тұнған боқауыз. Youtube- арнасына жүктелген бейәдеп тілді кинолардың қаралымы миллионнан асады. Өкініштісі, бұл "өнімдерге" танымал театр, кино актерлері де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша "үлес" қосып жүргенін көріп жүрміз.

Кино - ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады. Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек", - деп жазды Қанат Айтбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев ведомствода өткен брифингте бұдан былай қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтқан қазақстандықтардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтып берген болатын.