бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 11.01.2023 12:12

Диана Қырықбай дінге бет бұрған Нұртас Адамбайдан қатты қорқатынын айтты

Фото: Stan.kz

Танымал тележүргізуіші Диана Қырықбай дінге бет бұрған Нұртас Адамбайдан не себепті қорқатынын ашық айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өз парақшасында футболдың зиянын айтып, бұл спорт түрімен айналыспауға шақырған Нұртас Адамбай видео жариялаған болатын. Диана бейнежазба астына “Мына кісіні емшіге қарату керек” деп жазба қалдырды.

“Бір кездері Сабинканың рөлін сомдап, әйелдің киімін киген кезде бұл кісіге ешкім ештеңе деген жоқ. Киносына бардық, күлдік, әзіл ретінде қабылдадық. Ал қазір бұл бізге қалай жүріп-тұруды, не істеуді үйретіп, тіпті біздің жұмаққа бару-бармауымызды шешетін болған. Шынымды айтсам, мен мұндай адамдардан қорқамын”, – дейді тележүргізуші.

Диана бұлай деуінің себебін түсіндірді.

“Көршілес Түркіменстанда не болып жатқанын барлығыңыз білесіздер. Жаңа президент әйелдерге көп нәрсеге тыйым салды. Әйелдер қауымына сән салонына баруға болмайды, шашын, қасын бояуға, боянуға, жабысып тұрған киім киюге, көлікте ер азаматпен отыруға болмайды. Егер бұл тәртіпке бағынбаған жағдайда оларға белгілі мөлшерде айыппұл салынып, жұмыстан шығарылады немесе ұрып-соғады. Бұл өте қорқынышты”, – деді Диана.

Оның айтуынша, қазақтың көп ер азаматтарына бұл заң ұнайтын көрінеді.