бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 11.01.2023 13:20

"Ыңғайсыз екен": Сара Тоқтамысованың қызына таңдаған есімі көпшілікті таңдандырды

Фото: caravan.kz

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қызды болды. Қызына қойған есіміне көпшілік таңданып, ерекше екенін айтуда,  деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Ақын жаңалығымен желіде бөлісті.

"Есілқызы Сүйкімді! Үйіне келе жатыр!

Сөзі сүйкімді болсын,Ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық!

Аллам өміріңді сүйкімді қылсын ,ғұмырлы бол құлыным
", - деген ол.

Және ақын есімді бас имамдармен ақылдасып таңдағанын жеткізді.