бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 10 11.01.2023 17:45

Мақпал Жүнісова туған күнін ұшақта атап өтті

Фото: caravan.kz

Ұшақта түсірілген видеоны әнші желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Дубайда саяхаттап қайтып келе жатқан өнер иесін ұшақ қызметкерлері қолдарына торт ұстап, «Туған күніңмен!» әнін шырқап құттықтаған. Мақпал Жүнісованың айтуынша, мұндай құттықтауды ұйымдастырған қызы Мерей.

«Өмірімде бірінші рет аспанда туған күнімді қарсы алып жатырмын. Мені құттықтап, қуантып тастады. Мұның бәрін жасап жатқан Мерей ғой», - дейді ол.

Желі қолданушылары да әріптестері де жаңа жасымен құттықтап, тілектерін арнауда.