бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 6 12.01.2023 14:58

Өзбекстанда тыйым салынған капсулалар Қазақстанда еркін сатылып жатыр

Фото: gastronom.ru

Өзбекстанда тыйым салынған арықтауға арналған капсулалар Қазақстанда еркін сатылып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Fatzorb капсулалары Өзбекстанда қауіпті деп танылған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, оның құрамында күшті әсер ететін сибутрамин бар.

Бұған дейін бұл биологиялық белсенді қоспаның Қазақстанда тіркелгені белгілі болды. Алайда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай тізілімінің деректеріне сәйкес, 2021 жылғы маусымнан бастап тіркеу күші жойылған. Алайда ол Қазнетте еркін сатылып жатыр. Интернеттен бұл капсуланы іздеген кезде ол туралы ондаған хабарландыру шығады.