бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 9 12.01.2023 15:16

Нұрлан имам TikTok желісіне неліктен тіркелгенін айтты

Фото: exk.kz

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов әлеуметтік желіге не үшін келгенін түсіндірді. Имам сондай - ақ өзінің TikTok желісі арқылы танылуы жеңілтектік еместігін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Құрметті, ағайындар! Біздің қазақтың екі ұлы ескегі бар. Сол мемлекетімізді алға сүйреп келе жатқан екі ескектің бірі - дініміз, екіншісі - дәстүріміз. Екеуі бізді өрге жетелеген ұлы нәрсе. Егер біреуін алып, біреуін тастасақ, кеме ешқашан алға жылжымайды.

TikTok желісіне келуім, жастардың көңіліне Алланың қалауымен жол тапқаным - жеңілтектік емес. Тек жастардың көңілі бұрылсын дегенім. Тек "Өлесің" дей берсе, біздің халық "Өлсек, өлеміз де" деп отыра береді. Жастардың орны TikTok болғаннан кейін, сол жерге мен де кірдім. Жастарымыздың адал, әділ, азамат болып өсуін алға мақсат етіп қойдым", - деді Нұрлан имам.