бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 4 12.01.2023 15:26

Емделуге кеткен Жүрсін Ерман Швейцариядан сурет жолдады

Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Өткен жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат әлеуметтік желіге кеңіннен тарады. Кейін ақынның Еуропаға емделуге баратыны белгілі болған еді. Ал күні кеше Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Ақын Instagram парақшасына сурет жариялап, мекенжайына Швейцарияның Женева қаласын белгілеп қойды. Жүрсін Ерманның қызы Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған еді.