бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 12.01.2023 16:55

Аружан Жазылбекованың тойы не себепті болмады?

Фото: Фото: Instagram/arujazz

Отандық актриса Аружан Жазылбекова тұрмысқа шыққанымен, үйлену тойын жасамаған. Актриса ақ көйлек киіп, той жасамауының себебін түсіндірді, деп жазады teznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде актрисаға оқырмандарының бірі сауал жолдап, үйлену тойы жайлы білгісі келген. "Өте жарасымды жұпсыздар. Үйлену тойларыңыз болды ма?", - деп жазды желі қолданушысы.

Алайда Аружан Жазылбекова жұбайы екеуінің үлкен той жасағысы келмегенін жеткізді. "Біз той жасамадық. Әуреге түскіміз келмеді. Некемізді заңды түрде қидырып, атап өттік", - деді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Аружан Жазыбекова ата-аналарға қызының тойына емес, оның оқуына ақша жинауға кеңес берген болатын. ""Қызыңыз кімге тұрмысқа шығады деп уайымдамауы үшін оны кәсіби маман етіп дайындаңыз.

Ақшаны оның тойына емес, білім алуына жұмсаңыз. Тұрмысқа шығу үшін емес, өзі үшін үйретіңіз. Өзін жақсы көруді, өзіне сенімді болуды үйретіңіз”, - деп жазған болатын актриса.