бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 12.01.2023 17:17

Орамал таққан Айдана Меденова өміріндегі өзгерістермен бөлісті

Фото: ©instagram.com/aidanamedenova_officialpage

KeshYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова орамал таққанына байланысты көп шаралардан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Оқырмандардың әншіге қоятын сұрақтары толастар емес. “Сахнаны тастамайтын шығарсыз?” деген сауалға қарағанда оқырмандар өнер иесінің жаңа образына үйренісе алмай жүрген көрінеді. Айдана өнерді тастамайтынын, бірақ бірқатар іс-шаралардан бас тартатынын мәлімдеді.

“Мемлекеттік концерттерге шақырса барамын. Халал тойларға, қыз ұзатуға барамын. Ал менің форматыма келмейтіндерден бас тартамын.Әндерімді де сүзгіден өткіземін. Орамалым үшін шақырмай қойса мүлде ренжімеймін”, – деп жазды Айдана.

“Негізі мамандығыңыз не?” деген сауал да жауапсыз қалмады. Әншінің дизайн саласында “интерьер дизайны” мамандығын тәмамдағаны белгілі болды.