бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 13.01.2023 10:10

Сара Тоқтамысованың Қағбаны айналып жүріп жасаған дұғасы қабыл болды

Фото: Фото: instagram.com/sarkanai

Екі ұлдан кейін қызды болған ақын Сара Тоқтамысова перзентханадан үйіне шықты. Айтыскер желідегілерге сырын айтып, қыз перзент сүю туралы тілегін Қағбаны айналып жүріп, Алладан сұрағанын жеткізді, деп хабарлайды teznews.kz KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

"Перзентханадан шығарып алу жайлы видеолар көре беретінмін. Әр әйелдің іштей қиялы - арманы болады ғой. Енді "осы көріністің кейіпкері өзім ғой" деп толқып отырмын. Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын жолдасым екеуіміз Умра қажылыққа бардық. Қағбаны айналып жүріп, іштей Алладан жаныма серік болатын бір қыз перзент сұрадым. Жолдасымның дұғасында осы сөз болған екен.

Сосын мамыр айында аяғымның ауыр екенін білдім. Бірақ "Ұл ма? Қыз ба?" деп әбігерге түспедім. Себебі тұңғышымды көтере алмай, төрт жыл күткен күндерім еске түссе, тәубеме келемін", - деді айтыскер Instagram парақшасында.