бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 13.01.2023 10:50

Динара Сатжан денсаулығына коронавирус қандай зиян келтіргенін айтты

Фото: Instagram/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан пандемия кезінде коронавирустың денсаулығына тигізген зияны туралы айтты. Жүргізуші қолына пайда болған жараны көпшілікке көрсетіп, бүгінгі таңда одан толыққанды құтылғанын баяндады, деп жазады teznews.kz KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Бұл жайлы Динара Сәтжан Instagram парақшасында баяндап берді. "2020 жылдың жазында коронавирустан кейін сол қолымда жара пайда болды. Алдымен жараның орны ашытып ауыртса, кейін сол жердің терісі қалыңдай бастады. Кейін жараның орнындағы тері құрғап кетті. Мен дерматолог маманына қаралдым. Түрлі жақпамай бергенімен, олардан көмек болмады. Тек бір апталық аштықтың пайдасы тиді. Мен ештеңе жемей, тек сұйықтық іштім. Сонымен қатар теңізге саяхат көмектесті.

Теңіз суы минералдарға бай болғандықтан, иммунитетті көтеріп, тері ауруларын емдейді. Аллаға шүкір, қолымдағы жара жазылып, қайта шықпады. Әдетте біз өз дертіміз жайлы тіпті жақындарымызға айтуға ұяламыз. Оның орнына ғаламтордан іздеп, өздігімізден емдеуге тырысамыз. Расында, шындықты естуге қорқамыз. Ұялуды қояйық", - деді тележүргізуші.

Айта кетейік, Динара Сәтжан осы жазбасының астына псориаздан зардап шегетін жандардың бір-бірімен пікір алмасуына мүмкіндік берді.