бейсенбі, 4 шілде 2024
Технология 15 01.12.2022 23:25

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: janalyq.kz

Мемлекет басшысы «2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Заң 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді:

ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 24 341 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3450 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге.

Сондай-ақ мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.