бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 16.01.2023 10:50

"Зәкеңнің туған күні". Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы естелік видео жариялады

Фото: Stan.kz

15 қаңтар мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың туған күні. Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі туралы естелік видеолар жариялады, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Бүгін 15-ші қаңтар, Зәкеңнің туған күні. Біздің туғандар құран бағыштауда, халқыңыз да сізді ұмытпайды. Зәке, топырағыңыз торқа болсын, амалым қанша...”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.

Желідегілер әншіні жұбатып, басу айтты.

“Артынан бір жаман сөз ермеген асыл ағамызды,біз де болашаққа айтып өтеміз бұйырса. Сіз де осындай алып азамат таңдаған жар, халық таңдаған ең таңдаулы әншісіз”, “Қазақтың бір туар азаматы Зәкеңнің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын, ия еліне елеулі, халқына қалаулы тұлға. Құрметті Мақпал ханым, сол кісінің шаңырағының отын өшірмей, әр затын көзіңіздің қарашығындай сақтап, оны халық көретін музей ашып қойғаныңызға мың алғыс”, “Жаны жәннаттің төрінде болсын, жатқан жері жайлы болсын! Мерейіңіздің қызығын, рахатын көруге Аллам нәсіп етсін”, – деп жазды желі қолданушылары.